
Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы «Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 Қаулысына (әрі қарай – Ереже) сәйкес, кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестiң қызметi шеңберiнде жеке кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларына сараптама жүргiзу құқығын тану үшін жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргізілетіні туралы хабарлайды.
Ереженің 9-тармағына сәйкес, мемлекеттік органда аккредиттелуге үміткер жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерi, хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күн ішінде төменде көрсетілген құжаттар тізімін ұсынады:
1) Ереженің 1-қосымшасына сәйкес өтiнiш;
2) салыстыру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда құрылтайшылық құжаттардың және бiрлестiктi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
3) бiрлестiк мүшелерiнiң тiзiмi.
Аккредиттеуге қатысу үшін құжаттардың толық пакеті 2023 жылғы 23 қаңтардан 6 ақпанға дейін (жұмыс күндері сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін) мына мекенжай бойынша қабылданады: Абай облысы, Семей қаласы, Қозбағаров көшесі, 8, 232 кабинет, электрондық пошта: a.islamov@akimatabai.gov.kz, m.malikazhdar@akimatabai.gov.kz.
Қосымша ақпаратты 8 701 183 28 77, 8 771 905 77 77 телефон нөмірлері бойынша алуға болады.