USD444.22EUR476.38RUB4.82

Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Семей қаласындағы әлеуметтік нысандарға барды

26 қаңтар 2023, 15:17
Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов «№1 Семей арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де болып, пациенттер орналасқан бірнеше корпусты, сондай-ақ шаруашылық бөлімшелерін қарап шықты.
Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Семей қаласындағы әлеуметтік нысандарға барды

Мекемеде психоневрологиялық бұзылулары бар 400-ге жуық адам тұрақты тұрады, олар іс жүзінде толық мемлекеттік қамтамасыз етуде.

Алайда, қызмет алушылар тұратын ғимараттар 60-70 жылдары салынған және талаптарға сай емес, мұнда күрделі жөндеу қажет. Е. Оспанов тексеру кезінде жаңа үлкен корпус салу орынды болады деген қорытындыға келді, кең аумағы бұған мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, мемлекет мұндай мекемелерге ұстау жағдайларын жақсарту мақсатында көбірек көңіл бөлетін болады.

- Біз стандарттарды қайта қарап, алдағы уақытта жаңа тарифтерді бекітетін боламыз. Бастамашылық танытып, стандарттарға сәйкес келетін арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуге ниет білдірген ҮЕҰ-ға тыйым салынбайды. Біз тіпті лицензия беретін шығармыз, - деп атап өтті Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar