USD444.22EUR476.38RUB4.82

Облыс орталығында құс шаруашылығы кәсіпорындары тексерілді

26 қаңтар 2023, 14:49
Қала әкімінің орынбасары Руслан Базарбаев қаладағы құс шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындарға барды. Жұмыс сапарының басты мәселесі - саланың жай-күйімен танысу.
Облыс орталығында құс шаруашылығы кәсіпорындары тексерілді

"Семейде құс шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Біздің қаламыздағы екі құс фабрикасы өткен жылы 21,9 мың тонна өнім өндірді, бұл жылына тұтынылатын ет 65,6% құрады. Сонымен қатар, сіз азаматтарды жұмысқа орналастырасыз. Бұл экономикаға оң әсер етеді", - деп атап өтті жұмыс сапары барысында қала әкімінің орынбасары.

2022 жылы қаланың барлық шаруашылық субъектілері 33,4 мың тонна ет өнімін өндірді, өсім өткен жылмен салыстырғанда 20% құрады.

Семей қаласында өткен жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалады.

Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны шамамен 30 мың адамды құрайды, бұл салада 57 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar