
Абай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ филиалында Newcon 2023 жылдың ақпан айының басында Семей қаласында Папанин көшесі 34А мекенжайы бойынша ашылады.
New CON-да дәстүрлі мемлекеттік қызметтерден басқа, келушілер оператордың көмегінсіз қажетті кез-келген құжатты өз бетінше «жүктеме аймағы» қосымшасы арқылы ала алады. Оның ашылуы халықтың шоғырлануын азайтуға және мемлекеттік қызметтерді алу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
- Сондай-ақ осы аймақта қызметкерлер клиенттерге цифрлық сауаттылықты үйретеді. Қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында New CON-да жаңа технологиялар пайдаланылатын болады. Мұнда дайын құжаттарды беру жөніндегі постамат 24/7 режімінде орнатылады - деді Асхат Чакенов.
– Жаңадан құрылған Абай облыстық филиалы 6 ай ішінде жаңадан келген қызметкерлерді оқытуды, басшы құрамның біліктілігін арттыруды және басқа да қызметтерді жүзеге асырды,- деді Асхат Чакенов.
Бүгінде облысымызда 12 ХҚКО бар (Семей 1, Семей 2, мамандандырылған ХҚКО және әрбір ауданда 9 ХҚКО). 2022 жылдың 15 шілде-10 желтоқсан аралығында орталықтарда 182 494 мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Оның ішінде электронды форматта 342 қызмет, өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы 162 785 қызмет көрсетіліп, 198 491 кеңес берілді.
Айта кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы шетел азаматтары үшін ХҚКО кезекті онлайн-брондау мүмкіндігін жүзеге асырады.
Мемлекеттік корпорация Telegram бот EgovKzBot2.0 арқылы ХҚКО-ға баруды онлайн-брондау сервисін іске қосты.