
Жоспардың жалпы бюджеті 1,9 трлн теңгеге жуық. Олардың басым бөлігі – жеке инвестициялар.
Жылу көздерін, электр және сумен жабдықтау желілерін, кәріз-тазарту құрылыстарын, күре жолдар мен көпірлерді реконструкциялау, Семейде заманауи ЖЭО салу және т. б. жоспарланған.
“Аягөз-Бақты-Қытай шекарасы” теміржол учаскесі, тау-кен байыту комбинаты, «Айдарлы» мыс кен орнын игеру, «құрғақ» порт және логистикалық парк сияқты ірі жобалар іске асырылады.
Туризм саласын дамыту аясында Семейде екі жаңа сауда ойын-сауық орталығы мен қонақ үй кешенін, сондай-ақ Алакөл жағалауында демалыс базасын салу жоспарланып отыр
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мақсатында 13 жоба іске асырылады: ет өңдеу комбинатының, суару жүйелерінің, сүт-тауар фермаларының құрылысы
Сонымен қатар, 6 мектеп, 7 медициналық мекеме, 5 спорт модулі, мұз сарайы, конгресс-холл, бассейннің құрылысы көзделген.
14 мың жұмыс орны құрылады.