
Мекеменің 20 жылдығына арналған іс-шарада Семей өңірінің орман байлығына қамқорлық жасайтын барлық қызметкерлерді, сондай-ақ еңбек ардагерлерін Бас директордың м.а. Байжан Мұсақанов құттықтады.
Ол мекемеде ондаған жыл өмірін сүйікті ісіне - орманды күзетуге, қорғауға және өсіруге арнаған көптеген адамдар бар екенін атап өтті. Олар орман шаруашылығы құрылған сәттен бастап қиын кезеңдерде берілмеді, ұрпақтарының әл-ауқаты үшін табиғат байлығын мұқият сақтап, қорғады.
Мерекеге қызметкерлердің балалары да шақырылды. Олар үшін түрлі байқаулар мен командалық жарыстар ұйымдастырылды.