USD474.83EUR515.38RUB5.5

Үкіметте Абай облысын дамыту жоспары қабылданды

24 қаңтар 2023, 16:18
Облыс экономикасына шамамен 1,3 трлн. теңге тартылатын болады
Үкіметте Абай облысын дамыту жоспары қабылданды

Бүгін, 24 қаңтарда, Үкімет отырысында Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары қабылданды.

Құжатты Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ұсынды.

"2028 жылға қарай облыс экономикасына шамамен 1,3 трлн. инвестиция теңгесі тартылып, өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 1,4 трлн. теңгеге, өсімі 1,5 есеге дейін жетеді", - деді Әлібек Қуантыров.

Оның айтуынша, жоспарда ауыл шаруашылығын дамыту, оның ішінде Семейде ет өңдеу комбинатын, суару жүйелерін, өңірдің Бесқарағай және Жарма аудандарында сүт-тауар фермаларын салу, сондай-ақ өнеркәсіпті дамыту, оның ішінде тау-кен байыту комбинатын салу және "Айдарлы" мыс кен орнын өнеркәсіптік игеру жөніндегі іс-шаралар көзделген. Туризмді дамыту үшін Семейде екі сауда-ойын-сауық орталығын және Алакөл көлінің жағалауында қонақ үй кешені мен демалыс базасын салу жоспарланған.

"Халықаралық көлік дәліздерінің байланыстырушы буындарын ашу және транзиттік-көлік инфрақұрылымын дамыту үшін "Аягөз – Бақты - Қытай шекарасы" учаскесінде теміржол салу, құрғақ порт пен логистикалық парк құру, Ертіс өзені арқылы өтетін автогуж көпірін, Семейдегі аспалы көпірді қайта жаңарту, шамамен 2 мың шақырым автожолдарды жөндеу жоспарлануда. Осылайша, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 82%-дан 98%-ға дейін артады", - деп атап өтті ҚР ҰЭМ басшысы.

Жобаға Семей қаласында заманауи  ЖЭО салу жобасы, сондай-ақ жылу көздерін, электр, сумен жабдықтау желілерін, кәріз-тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау жобалары енгізілген.

Білім беру саласында өңірдің төрт ауданында 510 орындық 6 шағын жинақты мектеп салу жоспарлануда. Сондай-ақ, жеті медициналық нысан, оның ішінде облыстық көпбейінді аурухана балалар ауруханасы, Облыстық қан орталығы және екі емхана салу жоспарлануда. Сондай-ақ, сегіз мәдениет нысаны, жүзу бассейні мен бес спорт модулінің құрылысы және Семей мен Аягөзде тағы екі оңалту орталығының құрылысы қарастырылған.

Өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту үшін ҚТҚ полигонын салу және жаңғырту жоспарлануда.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar