USD502.47EUR525.83RUB5.68

Облыста 294 мекеме медициналық көмек көрсетеді

23 қаңтар 2023, 15:33
Абай облысының тұрғындарына 294 мекеме медициналық көмек көрсетеді. Олардың санын көбейту жоспарда бар.
Облыста 294 мекеме медициналық көмек көрсетеді

Қайта құрылған Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Сандыбаев атқарырған жұмыс нәтижелермен Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында бөлісті.

- Абай облысы құрылғаннан бері перинаталдық кезеңді қоса алғанда, әртүрлі патологиялары бар 1300-ден астам баланы қабылдадық. 2022 жылы облыстың штаттан тыс мамандары институты тарапынан 10 ауданға 18 іс-сапар жүргізген. Өңірімізде санитарлық авиация жұмыс істейді. Балаларға арналған МРТ зерттеулерінің іске қосылуы - үлкен жетістік, - деп атап өтті Марат Сандыбаев.

Басқарманың ағымдағы жылға арналған жоспарлары:

  • Ауылдық елді мекендерді стандартқа сәйкес медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарымен қамтамасыз ету. 2023-2024 жж 65 нысан салып, пайдалануға беру жоспарлануда
  • Жетекші медициналық клиникаларда басым бағыттар бойынша акушерлік және балалар дәрігерлерін оқыту
  • «Ақсуат ауданының орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК, «Үржар ауданының көп салалы орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК перинаталдық көмектің II деңгейіне көшіру
  • Облыстық перинаталдық орталықта перинаталдық инвазиялық диагностиканың заманауи әдістерін енгізу
  • Аягөз ауданының ауданаралық ауруханасында қабылдау бөлімінің құрылысы
  • «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша Абай ауданындағы Қарауыл, Үржар ауданындағы Қабанбай, Аягөз ауданындағы Шынқожа және Ақшатау ауылдарындағы емханаларды күрделі жөндеуден өткізу.
  • Тапшы мамандықтар бойынша резидентураға білім беру гранттарын бөлу
  • Балалар ауруханасын ашу
  • «Салауатты ұлт» жобасы шеңберінде медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыру жоспарлануда.
Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar