
Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен өткен жиында өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің басшысы жер қатынастары саласындағы мониторинг нәтижелерімен бөлісті.
Кейбір шаруа қожалықтарының жайылымдық жерлерді мақсатына сай пайдаланбайтыны айтылды. Бұл ретте 2017 жылы жер телімдерін ғимаратпен бірге меншікке беру дерегі орын алған.
- Жаңа облысты қалыптастыру мен дамыту барысында мұндай жағдайларды болдырмай, бұл тәжірибені толығымен жоюымыз керек. Тиісті министрлікпен жұмыс жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына осы мәселелерді пысықтауды тапсырамын, деді өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев.
Абай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне айтылған ұсыныстардың қатарында:
Мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін қайтару және жер пайдаланушыларға ұйғарымдарды беру шараларын қабылдау. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасымен салыстыра отырып жер пайдаланушыдағы мал басының тиісті санының бар-жоғын тексеру арқылы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын жайылымдарды анықтау.
КЕ АҚ мен Көші-қон қызметінің ақпараттық жүйелерін интеграциялау мәселесін пысықтау
Жылжымайтын мүлікті жекешелендіру аукционын тіркеуші органды (ҰАО) хабардар ету тәртібін реттеу.