USD474.83EUR515.38RUB5.5

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов оң жағалауда орналасқан аулаларды аралап шықты

20 қаңтар 2023, 10:10
Көшпелі кеңеске "Семей Водоканал", "Теплокоммунэнерго" кәсіпорындарының өкілдері, сондай-ақ жергілікті тұрғындар қатысты.
Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов оң жағалауда орналасқан аулаларды аралап шықты

"Өздеріңіз білетіндей, су және жылумен жабдықтау желілері жер астынан өтеді. Аулаларды абаттандыруды бастамас бұрын, бұл желілерді жөндеу қажет. Әйтпесе, желілерде апат болуы мүмкін және асфальт төсемді көтеруге тура келеді және абаттандыру жұмыстары бұзылады. Тұрғындар өз тарапынан ауланы мұқият пайдалануды да қадағалап отыруы керек. Сондай-ақ аулаларға  гүлдер мен ағаштарды отырғызу жұмыстары жүргізілетінін жоспарлап отырмыз", - деді қала әкімі.

Сонымен қатар, Нұрбол Нұрсағатов жауапты қызметтерге желілердің жай-күйін тексеруді тапсырды. Әкім SemeiTV телеарнасында тікелей эфир кезінде хабарлағандай, Семейде 576 аула бар, оның 90%-ы тозған күйде. Аулаларды абаттандыру жұмыстары қолайлы ауа-райының басталуымен басталады. Ағымдағы жылы 70 ауланы кешенді абаттандыру жоспарлануда.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar