
2023 жылы еліміздің оқушылары соңғы қоңырауды 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар атап өтеді, деп хабарлайды "Ертіс өңірі" Zakon.kz.-ке сілтеме жасап.
ҚР Білім министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова қазақстандық мектептерде дәстүрлі түрде оқу жылы 1 қыркүйектен басталып, 36 аптаға созылатынын еске салды.
"Биыл оқу жылы 31 мамырда аяқталады. 31 мамыр - оқу күні, сабақтан басқа, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сыныптан тыс іс-шаралар өткізілетін болады", - деп атап өтті Гүлмира Каримова.
Оның айтуынша, ағымдағы жылы қазақстандық оқушылардың жазғы демалысы ресми түрде 1 маусымда басталады.
"Бұл күн Халықаралық балаларды қорғау күні болып табылады. Осы мерекемен қатар соңғы қоңырау мерекелері де өткізіледі", - деді Гүлмира Кәрімова.