USD502.47EUR525.83RUB5.68

Зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған «Күміс жас» жобасына енгізілген өзгерістер

19 қаңтар 2023, 14:27
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартуға бағытталған «Күміс жас» жобасына қатысушылардың контингенті кеңейтіліп, қатысу кезеңі ұзартылды.
Зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған «Күміс жас» жобасына енгізілген өзгерістер

Жоба қатысушыларының контингенті 50 жастан - зейнеткерлік жасқа дейінгі жұмыссыз азаматтар болып кеңейтіліп, қатысу мерзімі болса 12 айдан 36 айға ұзартылды. Сондай-ақ, қатысушылардың жалақысы бойынша субсидиялар мөлшері де ұлғайды.

Субсидиялар мөлшері: жұмыстың бірінші жылында жалақы мөлшерінің 70%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын), жұмыстың екінші жылында жалақы мөлшерінің 65%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын), жұмыстың үшінші жылында жалақы мөлшерінің 60%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын) құрайды (бұрын субсидиялар мөлшері жалақының 50%-ын құраған).

Ағымдағы жылы Абай облысы бойынша «Күміс жас» жобасын жүзеге асыру шеңберінде жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу арқылы 729 адамды қамту жоспарлануда.

Жобаға қатысу үшін жұмыссыздар тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарына немесе Enbek.kz - электрондық еңбек биржасы порталы арқылы өтініш беруі қажет.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar