USD502.47EUR525.83RUB5.68

Beeline компаниясы Семей қаласы мен Абай облысында байланысты жақсартуда

18 қаңтар 2023, 14:25
Қазақстанның шығысындағы цифрлы теңсіздікпен күрес – Beeline компаниясының ең маңызды әрі негізгі міндеттерінің бірі.
Beeline компаниясы Семей қаласы мен Абай облысында байланысты жақсартуда

2020-2022 жылдар оператор үшін өте жемісті болды: ол өз желісі мен мобильді интернетін нығайту және қолжетімділігін арттыру бағытында ауқымды жұмыс атқарды. Мысалы, 2020 жылдан бастап Beeline байланысы Қазақстанның шалғайдағы 1500-ден астам елді мекенінде пайда болды. 850-ден астам ауылды компания өз жоспары шеңберінде қамтыды.

Бір айта кететін жайт, елімізде LTE-мен қамту бойынша Beeline көш бастап тұр.

Семей қаласы мен Абай облысында мобильді оператор «250+» бағдарламасының аясында Белокаменка, Бөкебай және Андронов ауылдарында, сондай-ақ Айғыз, Қайнар, Өркен, Алғабас, Баршатас, Бидайық елді мекендеріне 4G базалық станцияларын орнатып, іске қосқан еді. Бұрын бұл елді мекендердің тұрғындары тек 2G стандартында дауыстық байланысты пайдаланса, қазір Beeline-ның 4G интернетін қолдана алады. Одан бөлек, LTE желісі Көкбай және Жүрекадыр кенттерінде де іске қосылды.

Сондай-ақ, Beeline өзінің «LTE everywhere» бағдарламасын орындау барысында Абай облысының Курчатов қаласы, Шар қаласы, Бұлақ, Беген кенттері мен басқа да 17-ден астам елді мекенін жылдам интернетпен қамтамасыз етті. Ал жалпы Қазақстан бойынша компания 2022 жылы 1000-ға жуық ауылды LTE байланысымен қамтамасыз етіп, енді осы ауылдарда тұратын 1 млн-ға жуық адамға Beeline байланысы мен интернеті қол жетімді болды. Қазір ауыл тұрғындары онлайн-сервистерді қолданып, жақындарына хабарласып, қашықтан оқып, жұмыс жасай алады. Бір сөзбен айтқанда, олар үшін бүкіл онлайн-әлемі қол жетімді болды. 

“Біз үшін сервис пен байланысты ірі қалаларда да, облыста да бірдей жоғары деңгейде қамтамасыз ету аса маңызды. Алайда бізге қатысы жоқ бірқатар мәселелер де бар. Солардың бірі – тұрғындардың арзан репитерлерді қолдануы. Ұялы байланыс сигналын күшейткіш байланысты жақсартпайды, керісінше, сапасын төмендетеді. Арзан репитерлер біздің мамандарымыздың жұмысын жоққа шығарады” — дейді Beeline-ның Семей қаласындағы техникалық бөлімінің басшысы Ермек Тырнақбаев.  

Beeline мамандары арзан репитерлерді қолданбауға кеңес береді. Өйткені бұл құрылғылардың кесірінен интернет сапасы нашарлап, байланыс мүлдем ұстамай қалуы мүмкін. 

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда интернетті тұтыну көлемі жыл сайын артып келеді, соған қарамастан біздің ел интернеті арзан ТОП-10 елдің қатарында. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, соңғы алты жылда Қазақстанда интернетті тұтыну деңгейі 2-3 Гб-дан 15 ГБ-ға дейін өскен. Ал әлемдік тұтыну көлемі небары  9,9 Гб құрайды екен. Семей қаласындағы Beeline абоненттері айына орта есеппен 16 Гб пайдаланатын көрінеді.  

Желіге артып келе жатқан жүктемені көтеру үшін, телеком оператор желінің дамуына тұрақты түрде инвестиция салып тұрады. Beeline Қазақстанның 2021-22 жылдардағы инвестициялары 100 млрд теңгеден асқан. 

Фото: Chukeyev Akhmet

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar