USD474.83EUR515.38RUB5.5

Айтылды - орындалды

17 қаңтар 2023, 12:14
Абай облысының орталығында 4 жылы аялдама орнатылды
Айтылды - орындалды

Қазіргі таңда, Семей қаласындағы Шәкәрім даңғылы бойындағы «Музыкалық мектеп», Абай көшесі бойындағы «Университет», «72-ші квартал» және облыстық аурухана маңындағы жабық павильондар қолданысқа енгізілді.

Халықтың игілігі үшін орнатылған аялдамалар бейнебақылау жүйесімен, ұялы телефондарды қуаттау және жылыту құрылғыларымен жабдықталған.

Қыстың ызғары мен жаздың аптап ыстығынан қорғайтын павильондарда автобус күту ыңғайлы болады.

Семей көшелерінде 1 және 2 модульді аялдама пункттері жұмыс істеп тұр. Олардың санын көбейту жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 28 шілдесінде Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев "Семавтопаркке" барған кезінде қалада жылы аялдамалар орнату жоспарлары туралы айтқан болатын.

 Бірнеше айдан кейін Семей қаласында жылы аялдамалар орнатыла бастады. Павильондарда сусындар, соның ішінде кофе мен шай сатылатын орындар ұйымдастыру көзделген.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Семей қаласының тұрғындары мен қонақтарын қала меншігін таза ұстап, ұқыпты болуға шақырамыз!

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar