
Көрмеде өз өнімдерін 7 кәсіпорын ұсынды. Олар өз өнімдерін таныстырып, олардың ерекшеліктері туралы айтты. Онда орындықтар орнатылды, резеңке үгінділер, ойын алаңы, гранит тастар, көше шамдары, Мафтар - шағын архитектуралық формалар ұсынылды.
"Біз өз өнімдерімізді басқа қалаларға ұсынатын едік. Жергілікті әкімдіктің осы бұйымдарға қызығушылық танытқанына қуаныштымын. Біздің кәсіпорын Семей қаласында орналасқан. Бұған дейін біз Өскемен, Павлодар, Қарағанды сияқты қалалармен жұмыс істедік", - деді кәсіпорын директоры, көрмеге қатысушы Санжар Құсайынов.
Бүгінгі көрмедегі ең талғампаз бұйымдар қаланың әртүрлі бөліктерінде көрсетіледі.
"Биылғы жылы бізді көп нәрсе күтіп тұр. Біз Семей қаласын абаттандыру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Біздің өңірде осындай кәсіпкерлер бар екеніне қуаныштымыз. Болашақта бірге жұмыс істейтін боламыз деп ойлаймын", - деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.