
Компания ірі инфрақұрылымдық жобаларды (жолдар, әуежайлар, теңіз порттары, ЖЭО) салуға және басқаруға маманданған. Инвесторлар ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев инвесторлар үшін ашық есік саясаты туралы айтып, шетелдік компаниялармен тікелей ынтымақтастық орнату үшін барлық жағдайларды жасауға дайын екенін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айында Абай облысына сапары барысында Семейде жаңа ЖЭО салуды тапсырған болатын.