
Науқас күрделі ота жасау үшін қалалық жедел жәрдем бөліміне жеткізілді.
Әуе кемесінің бортында науқасқа қажетті толық медициналық көмек көрсету мүмкіндігі қамтылған. 3 науқасты зембілмен тасымалдаумен қоса, 7 орын да қарастырылған.
Бұған дейін облыстың жетекші дәрігерлері 3 жүкті әйелге жедел медициналық көмек көрсету үшін жаңа L-410 ұшағымен Үржар ауылына алғашқы ұшуды жүзеге асырды.
Осы уақытқа дейін облыста бір АН-2 ұшағы болған. ҚР ДС министрлігінің Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының қолдауымен оған жаңа L-410 лайнері қосылды. Мамандардың айтуынша, жаңа әуе кемесінің ұшу ұзақтығы 2 есе жылдам.
L-410 тобының ұшақтары -50°C-тан +50°C-қа дейінгі температура диапазонында экстремалды климаттық жағдайларда ұша алады. Әуе кемесі асфальтталмаған қысқа ұшу-қону жолақтарына қонып-ұшып жақын және орташа қашықтықтарға ұшуды жүзеге асыра алады.
Медициналық авиация қызметі былтыр 185 ұшуды орындап, 222 науқасқа көмек көрсетті, оның 75-і балалар. Семейдің белді дәрігерлері аймақтарға барып, 14 күрделі ота жасады.