USD502.47EUR525.83RUB5.68

«Үздік автокөлікші» төсбелгісімен марапатталды

16 қаңтар 2023, 10:05
Абай облысында жедел жәрдем қызметінің 22 автокөлік жүргізушілері алғаш рет ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің «Үздік автокөлікші» төсбелгісімен марапатталды.
«Үздік автокөлікші» төсбелгісімен марапатталды

Жедел жәрдем әрбір науқастың денсаулығы мен өмірі үшін ұйымдасқан түрде атқарылатын медицина саласындағы өте жауапты қызмет.

Бұл қызметте жүргізушілердің кәсібилігі мен өмірлік тәжірибесі сынға түсіп, дер кезінде керекті ауруханаға науқасты жеткізу маңызды орын алады.

Жедел жәрдем қызметінің бас дәрігері Владимир Ли атап өткендей, жүргізушілердің жұмыс өтілі, тәжірибесі ғана ескеріліп қоймай, жұмыс және одан тыс уақытта жол-көлік оқиғаларының болмауы да талап етілді.

17 жылдан бері реанимациялық бригаданың көлік жүргізушісі қызметін атқарып келе жатқан Тайжан Жолдасбаев марапат алғандардың бірі.

«Біз әрбір шақырған науқасқа медициналық көмек көрсету үшін жылдам баруға тырысамыз. Әсіресе біздің бригада. Әрине бүгінгідей марапат алғанымызға қуаныштымыз. Көп жылдан бері осы жерде қызмет жасаймын. Адамның еңбегі бағаланып, құрмет көрсетсе жақсы. Ол өзінің жауапкершілігін сезінеді және жұмысын жақсы, сапалы атқарады. Басшылыққа көп рахмет», - деді марапат иесі.

 

 

 

Салтанатты шараға дәрігерлер, облыстық денсаулық сақтау басқармасының орынбасары және бақылаушылар кеңесі қатысты.

Айта кетейік, мемлекет басшысы елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытатыны туралы жолдауында айтқан болатын.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar