
Аталмыш тапсырманы Абай ауданының сәулет, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев берді.
Отырыста Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысушыларға ескерткіш орнату, көрнекті тұлғаларға мемориалдық тақталар орнату, кейбір жерлеулерге жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесін беру, сәулет және қала құрылысы саласындағы кейбір тарихи-мәдени мұра ескерткіштері бойынша мәселелер қаралды.
Жақын арада Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының (ҚазҚСҒЗИ) мамандары қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізетіні айтылды. Зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша бұрынғы әйелдер гимназиясы ғимаратының алдағы тағдыры белгілі болмақ.