
Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен отырыс барысында қатысушылар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2022 жылға арналған қызметінің қорытындылары мен 2023 жылға арналған міндеттерін қарады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, «Цифрлық отбасы картасы» пилоттық жобасын жүзеге асыру, атаулы әлеуметтік көмекті күшейту туралы айтты.
Тамара Дүйсенова, министрліктің 2022 жылғы жұмысының негізгі қорытындыларын айта кете мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерінің орындалуы толық көлемде қамтамасыз етілгенін атап өтті.
«981 мыңнан астам азаматты жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді және олардың 80% жұмысын аударылған міндетті зейнетақы жарналары арқылы растады. Екіншіден, экономикада 427,4 мың жаңа жұмыс орны құрылды және оның 70%-дан астамы жаңадан ашылған жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар болып табылады, олардың тіркеуі мен жұмыс істеуі Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті тарапынан расталады», - деді Тамара Дүйсенова.
Сонымен қатар, министр пилоттық режимде енгізілген Цифрлық отбасы картасының нәтижелері туралы баяндады.
«Өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап пилоттық режимде іске қосылған Цифрлық отбасы картасын қалыптастыру жұмыстары Цифрландыру министрлігі және облыс әкімдерімен бірлесіп жүргізілді. Осы кезеңде азаматтардың түрлі әлеуметтік төлемдерді алу құқығы туралы 58 мың SMS хабарлама жіберілді.
Нәтижесінде хабардар отбасылардың 22,8%-ы проактивті форматта, ал 36,8%-ы тұрғылықты жері бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарына хабарласу арқылы қызмет алды», - деп атап өтті ЕХӘҚМ басшысы.