USD502.47EUR525.83RUB5.68

Банкроттық рәсімі аясында қандай борышкерлерге берешек есептен шығарылады, деп хабарлады Қаржы министрлігі

11 қаңтар 2023, 16:03
2023 жылғы наурызда қазақстандықтар банкроттыққа өтініш бере алады. Бұл туралы заң 1 қаңтарда күшіне енді.
Банкроттық рәсімі аясында қандай борышкерлерге берешек есептен шығарылады, деп хабарлады Қаржы министрлігі

Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев борышкерлердің қарыздарын есептен шығаруы мүмкін шарттарды айтты.

Халықаралық тәжірибені ескере отырып, рәсімдердің үш түрі енгізілді.

Бірінші процедура: соттан тыс банкроттықты тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолдануға болады. Келесі шарттар белгіленді:

1) борыш 5,5 миллион теңгеден (1600 АЕК)аспайды;

2) 12 ай ішінде өтеу жоқ;

3) тіркелген мүлік, оның ішінде ортақ меншіктегі мүлік жоқ;

4) банкпен реттеу жүргізілді.

"Бұл ретте атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін алты ай ішінде және берешегі бес жылдан астам өтелмейтін азаматтар үшін ерекше жағдайлар көзделген. Соттан тыс банкроттық "электрондық үкімет" порталында басталады. Содан кейін ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік органдардың деректерімен борышкердің кіріс критерийлеріне сәйкестігі тұрғысынан автоматты түрде салыстыру жүргізілетін болады", - деп түсіндірді Қаржы министрлігінің басшысы.

Екінші рәсім - сот банкроттығы. Сот банкроттығының мақсаты банкроттың мүліктік массасы есебінен кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыру болып табылады. Бұл процедураны қаржы менеджерлері жүзеге асырады, олардың құрамына ағымдағы администраторлар, кәсіби бухгалтерлер, заң кеңесшілері мен аудиторлар кіреді.

Үшінші рәсім - сотта қарыздарды төлеуге бөліп-бөліп төлеу мүмкіндігін (бес жылға дейін) көздейтін төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Оның артықшылығы - адам "банкрот" мәртебесін ала алмайды. Сондықтан оған банкрот үшін қарастырылған салдарлар қолданылмайды.

Өз кезегінде банкроттықтың салдары:

1) бес жыл ішінде қарыздар мен кредиттер алуға шектеу (ломбардтардың микрокредиттерін алудан басқа);

2) жеті жылдан кейін банкроттықты қайта қолдану;

3) үш жыл ішінде қаржылық жағдайдың мониторингі.



 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar