USD502.47EUR525.83RUB5.68

"Семей-Тазалыққа" қоқысты уақтылы шығармағаны үшін айыппұл салынды

10 қаңтар 2023, 15:02
Ағымдағы жылдың 9 қаңтарында Семей қаласының полиция басқармасы "Семей-Тазалық" ЖШС кәсіпорнына Тельман көшесі, 149 және Энергетик көшесі, 2 мекенжайы бойынша ҚТҚ уақтылы әкетпегені үшін 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салды.

Бұл туралы Семей қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Жандарбек Ахметжанов хабарлады.

Тәртіп бұзушыға қарсы әкімшілік шаралар тұрғындардың полиция пультіне түскен шағымдары негізінде қабылданды, қоқыс шығаратын компания тұрғын үй иелерімен жасалған шарттың талаптарын орындамағаны анықталды. Тағы бір рет бұзылған жағдайда айыппұл мөлшері 50 АЕК болады.

Естеріңізге сала кетейік, ҚТҚ әкетуге байланысты барлық мәселелер бойынша тұрғындар "Семей Тазалық" ЖШС диспетчерлік қызметіне 8-771-051-01-07, 51-46-31, 51-46-40 телефондары бойынша хабарласа алады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar