USD502.47EUR525.83RUB5.68

Жастар практикасы-2023

10 қаңтар 2023, 14:51
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде "Абай облысы Семей қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ Жастар практикасынан өту үшін орта арнаулы және жоғары оқу орындарының барлық түлектерін шақырады.
Жастар практикасы-2023

Жастар практикасы түлектердің алған мамандығы бойынша оқуды аяқтағаннан кейін 3 (үш) жыл ішінде бастапқы жұмыс тәжірибесін алуына арналған.

Жастар практикасы - алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі.

Жастар практикасына қатысушылардың жалақысын қаржыландыру 12 (он екі айдан) аспайтын мерзімде жүзеге асырылады. Айына еңбекақы 30 (отыз) айлық есептік көрсеткішті (103 500 теңге) құрайды.

Өзімен бірге жеке куәлік, білімі туралы құжат, еңбек кітапшасы (бар болса) болуы қажет.

Козбагаров көшесі, 40, 106-кабинет мекенжайы бойынша орналасқан Жұмыспен қамту орталығына хабарласыңыз.

Барлық сұрақтар бойынша 32-93-15 телефоны бойынша хабарласуға болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar