USD502.47EUR525.83RUB5.68

Ауа райына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтаңыз!

10 қаңтар 2023, 10:25
Суық арктикалық ауамен толтырылған Солтүстік антициклоны Қазақстан аумағы арқылы оңтүстік өңірлерге қарай жылжуын жалғастыруда.
Ауа райына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтаңыз!

Казгидрометтің хабарлауынша, қатты аяз еліміздің көп бөлігінде сақталады. Еліміздің шығысында ауа температурасы түнде 20-33 аяздан 30-43 аязға дейін, күндіз 15-23 аяздан 23-33 аязға дейін, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде 10-20 аяздан 20-31 аязға дейін, күндіз 8-16 аяздан 12-23 аязға дейін төмендеуі күтіледі.

Өңір тұрғындары мен қонақтарын көктайғақ мұзда жарақат алу мен қатты аязда үсік шалу қауіпі туралы ескертеміз. Аталмыш жағдайларды болдырмау үшін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауыңызды және сыртта ұзақ қалмауыңызды сұраймыз!

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar