USD502.47EUR525.83RUB5.68

Қайырымдылық пен қамқорлықты бейнелейтін мереке

09 қаңтар 2023, 10:29
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Православие христиандарын Рождество мейрамымен құттықтады.
Қайырымдылық пен қамқорлықты бейнелейтін мереке

Қымбатты жерлестер!

Православие христиандарын Рождество мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Рождество - қоғам өміріндегі жоғары адамгершілік бастамаларды нығайтып, бейбітшілік пен келісімді, игілік пен әділдікті, қайырымдылық пен қамқорлықты бейнелейтін мереке.

Православие христиандары өңіріміздегі конфессияаралық келі­сімді, қоғамдық тұрақтылық пен татулықты сақтауға сүбелі үлес қосып келеді.

Мұның барлығы еліміздің тұрақты дамуының кепілі.

Рождество мерекесінде баршаңызға бақыт, сәттілік пен амандық-саулық тілеймін!

Iзгі ниетпен, Нұрлан Ұранхаев

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar