
Өзінің шығармашылық еңбегі үшін Қ. Мұхамедханов үкіметтік медальдармен, "КСРО Халық ағарту ісінің үздігі", "Қазақ КСР Ағарту ісінің үздігі", "Жұмыстағы үздік жетістіктері үшін" белгілерімен марапатталды. Ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының, Қазақстан Журналистер Одағының Абай атындағы Халықаралық сыйлығының бірінші лауреаты, Семей, Аягөз қалаларының, Абай және Жаңасемей аудандарының Құрметті азаматы болды.
Кітап көрмесінде көркем шығармалар, барлық зерттеу еңбектері, мерзімді басылымдар беттеріндегі мақалалар мен тұжырымдамалар және т. б. ұсынылды.
Абай кітапханасының қызметкерлері жергілікті "SEMEI" телеарнасының журналистеріне ХХ ғасырдың басында қазақ халқының ауыр тарихи тағдырына куә болған кішкентай Қайымның өмірі туралы, қазақ зиялылары А.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатовтың ағартушылық әңгімелерін тыңдағанды ұнататын тұлға ретінде Қайым Мұхамедхановтың қалыптасуы туралы айтып берді.