USD0EUR0RUB0

Қорғаныс министрлігі облыста құтқару жұмыстарына жұмылдырылды

06 қаңтар 2023, 11:29
Қарулы Күштердің "Восток" өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері жолдарды тазартуға және ауа райының қолайсыздығынан жолдарда тұрып қалған автокөлік құралдарының жүргізушілері мен жолаушыларына көмек көрсетуге тартылды.
Қорғаныс министрлігі облыста құтқару жұмыстарына жұмылдырылды

Желдің күрт күшеюі және боранның пайда болуы шығыс аймақтағы республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарда қиын жағдай туғызды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық құтқару бөлімшесіне танк бригадасының және Аягөз гарнизонының инженерлік-саперлік батальонының әскери қызметшілері көмекке келді.

"Алматы - Өскемен" тас жолының 40 шақырымында броньды танк қызметінің бастығы майор Ержан Быжкеевтің басшылығымен әскери қызметшілер қар тұтқындарынан 50 адамды және 10-ға жуық автокөлікті арнайы техникамен эвакуациялады. Олардың барлығы Аягөзге жеткізілді.

Қар құрсауын жою жөніндегі іс-шараларға қазіргі уақытта бес бірлік әскери техника жұмылдырылған.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 мамыр 2023, 17:00
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2023
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar