
Абай облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, жұмыс жалғасуда.
Жылу пункттері Семей, Аягөз қ., Ақсуат, Бесқарағай, Қалбатау, көш. Ауыл станциясы, Таскескен ауылдарында бар.
5 қаңтарда Семей-Курчатов, Боғаз-Ақсуат және Ақсуат-Бәкей-Қарасу-Ақжар бағыттарында көлік қозғалысы ашылды.
Абай ауданындағы Қарауыл ауылына жанар-жағар май таситын көліктер мен Шүлбі кентіне көмір апару ұйымдастырылды.
«Семей жолдары» ЖШС мен қосалқы мердігер ұйымдардың 68 бірлік қар тазалау техникасы жұмылдырылды, жабық аумақтардан 100-ден астам техника эвакуацияланды.
Автокөліктердің жолдардың жабық учаскелерінде жинақталуымен жол ұйымдары, Полиция департаменті және ТЖД бөлімшелерімен бірлесе отырып, жалпы саны 182 бірлік автокөліктерді 6 рет колонналық алып жүру ұйымдастырылды.