USD474.83EUR515.38RUB5.5

Қазақстанда автокөлікті тіркегені үшін 200 мың теңге алым төлеу ережесі әзірленді

05 қаңтар 2023, 15:46
Құжат әзірге ашық НҚА сайтында талқылануда.
Қазақстанда автокөлікті тіркегені үшін 200 мың теңге алым төлеу ережесі әзірленді

Біз Қазақстанға ЕАЭО елдерінен әкелінген, иелері тіркеусіз шетелдік нөмірлермен жүруді жалғастыратын автомобильдер туралы айтып отырмыз.

Ережеге сәйкес ҚР аумағына 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген механикалық көлік құралдарының жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені үшін алым 200 000 теңге мөлшерінде төленетіні анықталды.

200 000 теңге мөлшеріндегі алым мөлшерлемесі, егер автомобиль мынадай талаптарға сай болса, қолданылатын болады:

ҚР аумағына 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінді;

іздеуде жоқ;

басқа мемлекеттің құзыретті органында бұрынғы тіркелген жері бойынша мемлекеттік есептен шығарылды;

кедендік тазартудан өтті.

Қағидалардың күші М1, M1G, M2, M2G, N1, N1G санаттарындағы көлік құралдарына, оның ішінде бастапқы мемлекеттік тіркеу ҚР азаматтарына жүзеге асырылатын басқару органдарының оң жақты орналасқан көлік құралдарына қолданылатын болады.

Көлік құралдарын бастапқы тіркеу мерзімі осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап 2023 жылғы 1 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar