
Өткен тәулікте Абай облысындағы жолдардан 60-тан астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаменті.
Келесі учаскелер автокөліктің барлық түрлері үшін жабық:
1) Өскемен-Шемонаиха/ж-РФ гр 36-123 км.
2) Алматы-Өскемен а / ж 615-1068 км (778-967 км жеңіл автомобильдер үшін ашық)
3) Қарағанды-Аягөз-Боғас а/ж 320-941 км.
4)Таскескен-Бақты а / ж км 0-75
6)Өскемен-Семей км 10-198(жеңіл автомобильдер үшін ашық)
Сондай-ақ, облыстық жолдардың учаскелері жабылды, атап айтқанда:
1) Мақаншы-Жаланашкөл
2) Дмитриевка-Бородулиха
3) Жаңа Покровка-Петропавловка
4) Воскресеновка-Петропавл
5) Шар-Әуезов
6) Омбы-Майқапшағай (Қоңырбейк, М. Қарасу, Асқарал)
7) Әуезов-Бурсак
Соңғы тәулікте авариялық-құтқару жұмыстары «Өскемен-Қалбатау», «Көкпекті-Биғаш», «Семей – Алматы», «Семей-Қарауыл», «Семей-Өскемен», «Семей-Қайнар», «Қалбатау – Көкпекті» автожолдарының учаскілерінде жүргізілді.
Жалпы, іздестіру-құтқару және жол жұмыстарына Абай облысы ТЖД күштері жеке құрамның 25 адамы, 7 бірлік техника жұмылдырылды.
Облыс бойынша барлығы 65 адам эвакуацияланды және құтқарылды, оның ішінде 6 бала, 20 бірлік техника босатылды.
Автомобиль жолдарының ашылуы мен жабылуы туралы ақпаратты аталған нөмір бойынша біле аласыз: 8 701 532 95 58, 8 701 618 32 31( "Семей Жолдары" ЖШС облыстық маңызы бар жолдар) және 8 7232 26-28-08 ("ҚазАвтоЖол ҰК" АҚ Республикалық маңызы бар Жолдар).
Дауыл туралы ескертулер туралы ақпаратты "Дармен" тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы білуге болады.
Төтенше жағдайлар туындаған кезде "112"нөміріне қоңырау шалуға болады.