
2023 жылдың 3 қаңтар күні ауа-райының күрт өзгеруне байланысты Көкпекті ауданының коммуналдық қызметтері күні-түні қар тазалау жұмыстарын жүргізуде.
Жалпы алғанда 3-4 қаңтар күндері Көкпекті ауданында 1 м жуық қар жауды.
Көкпекті ауданында көше-жол желісін тазалауға 30-дан астам техника мен 70-қа жуық жұмысшы жұмылдырылды.
Абай облысының Аягөз қаласында да қардан тазалау жұмыстары жалғасуда.
Өткен тәуліктен бері 3 грейдер, 3 погрузчик тоқтаусыз жұмыс істеуде.
Көліктерден бөлек қарды тазалау үшін адам күші де жұмылдырылды.
Сонымен қатар, Аягөз қаласында ауа-райының қолайсыздығы салдарынан пайда болған электр желісіндегі ақаулықтарды жөндеу бойынша қалада 5 бригада жұмыс атқарып жатыр.
Қазіргі таңда электр желісінің 70 % қалпына келтірілді.