
Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы да біздің ең кішкентай азаматтарымызға қамқорлық жасауды мақсат етіп отыр. Облыста осы бағыттағы атқарылған іс-шаралар өз нәтижелерін беруде.
Мысалы, 30 желтоқсанда жаңа жыл қарсаңында, ядролық медицина және онкология орталығының базасында біздің облыс тұрғындары үшін маңызды зерттеулер өткізілді. Бүгін шамамен бір жастағы балаларға алғаш рет МРТ зерттеулері сәтті жүргізілді.
Зерттеулер радиациялық диагностика дәрігерлерінің, анестезиолог-реаниматолог дәрігерлердің қатысуымен "СМУ" КЕАҚ университеттік госпиталімен бірлесіп өткізілді.
Бұл жетістіктер Абай облысы әкімінің белсенді қолдауы мен өңірдің денсаулық сақтау басқармасы және медициналық қоғамдастықтың бірлесіп жұмыс жүргізуі арқасында мүмкін болды.
Бұл оқиғаның маңыздылығы – бұрындар мұндай зерттеулер біздің еліміздің басқа қалаларында жүргізілгендіктен, аймақ тұрғындары біздің облыстан тыс жерлерге баруға мәжбүр болып келген.
Бұл өз кезегінде жас пациенттер мен олардың ата-аналарына қолайсыздықтар туғызатын. МРТ-зерттеулер диагностикасы аса маңызды және заманауи құрал болып табылады, әсіресе, біздің ең кішкентай пациенттеріміздің болашағы үшін өте маңызды.
Сондықтан қазір Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасының тапсырмасы бойынша мұндай зерттеулер тұрақты негізде жүргізілетін болады.
Балалардың денсаулығы мен әл-ауқаты жайына келгенде ешқандай кедергілер болмауы керек, сондықтан облыстың балалар денсаулығында мұндай жетістіктер жүйелі және жоспарлы жұмыстың бастамасы болмақ.