USD502.47EUR525.83RUB5.68

«БІРГЕ! БІР ТОЛҚЫНДА!» жастар форумының кеші өтті

04 қаңтар 2023, 16:18
Абай обылысында тұңғыш рет ұйымдастырылған «БІРГЕ! БІР ТОЛҚЫНДА!» облыстық жастар форумының қорытынды кеші өтті.
«БІРГЕ! БІР ТОЛҚЫНДА!» жастар форумының кеші өтті

Қорытынды кешке дейін белсенді жастар бірнеше секцияларда еліміздің және облысымыздың дамуы туралы өз ұсыныстарын талқылап, ортақ пікір алмасулар болды.

Жастар арасында көшбасшы спикерлер заманауи журналистика және сыни ойлауды дамыту туралы кейстер ұсынған болатын.

Бүгінгі басқосуға келген жастар қоғамда жақсы жетістікке жеткен «WORLDSKILLS» чемпионатының жүлдегерлері, «ABAI IT VALLEY» жобасы, «ENACTUS» ұйымының туралы және олардың атқарған жұмыстарымен танысты.

Қорытынды форумға Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев қатысып, ел дамуы үшін аянбай еңбек ету керектігін атап өтті.

- Биылғы жыл бәріміз үшін маңызды, тарихи жыл болды. Ширек ғасыр өткен соң, көптен күткен арманымыз орындалды. Жаңа Қазақстан картасында Абай облысы пайда болды. Жаңа облысқа заманауи технологияларды меңгерген, білікті, тың идеялары бар жалынды жастар керек. Сіздерді Абай елінің бүгіні мен ертеңіне өз үлестерін қосады деп сенемін. Абай облысының өркендеуі сіздерге байланысты. Өз басым, туған жеріміздің дамуына үлес қосқандарың, Отанымыздың гүлденуіне атсалысқандарың деп білемін. Әр бастамаларыңыз сәтті болсын! Әрқашан, «Бірге! Бір толқында!» болайық! Келе жатқан Жаңа жыл - жақсылық-қуанышын ала келсін», - деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Салтанатты кеште елімізде және халықаралық аренада мемлекет атынан сынға түсіп жеңімпаз және өздерінің бастамаларымен табысты болған жастар марапатталды. Олардың арасында:

- Елдос Нұртазаев, Семей қаласының 7-өрт сөндіру бөлімі караул басшысы, азаматтық қорғау капитаны;

- Александр Страшков, Жас белсенді;

- Ерасыл Қажыбаев Самбо күреснінен әлем чемпионатының жүлдегері, Азия чемпионы, Қазақстан барысы турнирінің екі дүркін финалисі;

- Мадина Еділбекова Бриллиант мектебінің негізін қалаушы, Абай облысы бойынша Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының «Жас қанаттар» ұйымының Семей қалалық төрайымы;

- Рысгүл Қайратбек «Бала дауысы» ұлттық жобасының жеңімпазы.

Салтанаты кеште Шәмші Қалдаяқовтың әндерінен поппури орындайтын «АККОРД» тобы, «БАЛА ДАУЫСЫ» ұлттық жобасының жеңімпазы Рысгүл Қайратбек, «Вен балы-2022» байқауының жеңімпазы Шәкәрім университетінің студенттері өз өнерлерін көрсетіп, келген қонақтарға тамаша көңіл күй сыйлады.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar