USD524.65EUR552.19RUB5.14

Тағы бір игі іс!

10 ақпан 2020, 09:08
Осылайша, 2020 жылдың 5 қаңтарында еріктілер мен мемлекеттік қызметкерлер күрекпен көмек қажет ететін жалғыз басты қарт адамдардың үйлеріне келді.
Тағы бір игі іс!

Күрекпен жабдықтанып жұмысқа кірісе бастады.Ең бірінші кезекте жол тазаланды,кейін аула мен шатыр.Тізімде осындай көмекті қажет ететін ауылдың онға жуық қарт тұрғындары бар.

Биыл «Біз Біргеміз!» атты қар тазалау акциясына бүкіл ел қатысуда.Осыған орай ШҚО ТЖД Семей қаласы ТЖБ «Біз Біргеміз!» эстафетасын көмекке мұқтаж жандарға көмектесу мақсатында Қазақстан Республикасының барлық қалалары мен аудандарына жібереді.

Семей қаласы төтенше жағдайлар басқармасы және ШҚО ТЖД Семей қаласы жасағы, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының Семей қаласындағы бөлімінің еріктілері мен «ШҚО Семей қаласы Арнайы әлеуметтік көмек орталығы» КММ өкілдері «Біз Біргеміз!» Республикалық акциясына белсенді түрде қатысуда.

 

Семей қаласы ТЖБ АҚТ Бас маманы Болатова Б.Б.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar