
Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков Президент Қасым -Жомарт Тоқаевтың атынан балаларға денсаулық, табыс, жақсы достар және тілектерінің орындалуын тіледі.
- Бүгін Президент шыршасына жиналып отырмыз, өздеріңіз білетіндей 2022 жыл балалар жылы болып жарияланды. Сіздер бұл жылда жаңадан құрылған Абай облысында білімде,өнерде, спортта жетістікке жетіп, табысты болдыңыздар. Жаңа жыл тек жақсылық әкелсін, - деді облыс әкімінің орынбасары.
Мерекелік шыршада әр оқушыға Президенттің құттықтау хаты, үш тілде жазылған ертегі кітаб, нотбук сертификаты және тәтілер табысталды.
Қалыптасқан жақсы дәстүр бойынша қойылымға қатысушылар жаңа жылдық шыршаның шамын жағып, Аяз Ата мен Ақшақарға тілектерін білдірді.
Республикалық Тұжырымдамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің атынан жаңа жылдық шыршаға қатысушылардың арасында- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, сондай-ақ оқуда, спортта, қоғамдық іс-шараларға белсене қатысқан, шығармашылықта, сонымен қатар өнерде жетістіктерге жеткен дарынды балалар.
Оқушылар Балалар мен жастар шығармашылық сарайы, Балалар балет мектебінің аниматорларының, шығармашылық ұжымдарының қатысуымен «Дариғай» театрының әртістері дайындаған жаңа жылдық театрландырылған қойылымды тамашалады.