USD474.83EUR515.38RUB5.5

Абай облысының сот ғимараты ашылды

27 желтоқсан 2022, 11:13
Ашылу салтанатына Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев және ҚР Сот әкімшілігінің басшысы қатысты.
Абай облысының сот ғимараты ашылды

Облыс басшысы атап өткендей, облыстық сотта өз ғимаратының пайда болуы – адалдық пен әділдік салтанатының көрсеткіші.

- 25 жыл, шындықты шалғайдан іздеп, алысқа баруға мәжбүр болған, халқымыз үшін, облыстық соттың жеке шаңырақ көтеруі – адалдық пен әділдіктің қол жетімді болуының көрінісі деп есептеймін.

Әрине, келешекте, облыстық сот жаңа, заманауи ғимаратқа көшеді. Бұл – жоспарда бар дүние.

Бірақ, біздің пайымда, сот қызметі, әрқашан, өз жайынан гөрі, халықтың жайын жоғары қойған. Осынау ғимаратта, азаматтардың арыз-шағымдары мен даулары салиқалы түрде шешіледі деп сенемін, - деп атап өтті Нұрлан Уранхаев.

ҚР Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров соттың ғимараты жаңа жыл қарсаңында ашылғанын ерекше атап өтті.

- Бүгінгі оқиға Мемлекет басшысының Семейге облыс орталығы мәртебесін қайтару және Ұлы Абай атындағы облысты құру туралы шешімінің арқасында мүмкін болды. Қазір облыстық сот орналасқан ғимараттың рухы мен атмосферасы шығармашылық жұмыстарға ықпал етеді. Барлық қажетті заттар дайын, жиһаз сатып алынды, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қоғам бізден әділ сот төрелігін күтеді. ҚР Сот әкімшілігі барлық күш-жігерін судьялардың жұмыс жағдайларын жақсартуға бағыттайтынына сендіргім келеді. Ғимарат жаңа жыл қарсаңында ашылуы да ерекше мәнге ие, - деді Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar