USD474.83EUR515.38RUB5.5

Облыс әкімі балаларды Жаңа жылмен құттықтады

23 желтоқсан 2022, 09:56
Айтылды-орындалды. Күні кеше Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Балалар жылын қорытындылап, дарынды балалармен кездескен болатын.
Облыс әкімі балаларды Жаңа жылмен құттықтады

Жиынға қатысушылардың бірі Андрей Ларин - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушісі. Ол “Қолөнер шеберлігі” және “Мәнерлеп оқу” сайыстарынан өте жоғары деңгейде өнер көрсетеді. Және өзі қатысқан байқаулардан жүлдесіз қайтпаған.

Ол облыс әкіміне жасаған қолөнерін тарту етіп, өзі оқитын мектеп-интернатқа шақырған болатын. Облыс әкімі мектеп интернатқа күнтәртібіне сай баратынын жеткізген.

Ал, бүгін Нұрлан Ұранхаев айтылған уәдесін орындап, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатқа барып қайтты. Мектепте тәрбиеленушілердің жағдайымен, тұрмыс-тіршілігімен танысты. Өзінің жылулығын білдіріп, балаларға сыйлығын тарту етті.

Ел болып бұл балалардың әрқайсысы біз үшін маңызды екенін білдіру керекпіз. Балалар - ел болашағы,біздің болашағымыз!”- деді өңір басшысы өз сөзінде.

Нұрлан Ұранхаев ерекше қажеттіліктері бар балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің материалдық-техникалық базасын қарап, өзекті мәселелермен танысты. Сонымен қатар, әкім жұбайымен бірге балаларды құттықтап, сыйлықтар табыс етті.

Алғашқы нысан - №4 арнайы мектеп-интернаты болды. 2022-2023 оқу жылында облыстың 74 нашар еститін оқушылар оқиды.

Мектептің сурдоцентрі - есту кабинетімен, сондай-ақ музыкалық және вокалдық сабақтарға арналған, айтылымды түзету, есту қабылдауын дамыту бойынша жеке сабақтарға арналған кабинеттермен жабдықталған.

Келесі білім беру ұйымы – №8 балалар үйі. Қазір онда ата – анасының қамқорлығынсыз қалған 69 жетім бала бар. Олар қаланың жалпы білім беретін мектептерінде оқиды. Мұнда Нұрлан Ұранхаев бір күн бұрын құттықтаған дарынды тәрбиеленушілердің бірімен кездесті.

- «Өңірімізде дарынды балалар көп болғаны қуантады. Ал кеше кездескен тәрбиеленушіңіз Вадим Сайбель «Елімай» футболшысы болады деп үміттенеміз. Жаңа жыл құтты болсын!", - деді Нұрлан Ұранхаев.

№3 арнайы мектеп-интернатында көру қабілеті бұзылған 150 бала оқиды. Оқушылардың жалпы санынан - 64 адам мүмкіндігі шектеулі. Оқыту профилактикалық процедуралармен қатар жүреді. Ол үшін педиатр, офтальмолог кабинеті, изолятор, емдеу кабинеті, дәрілік препараттарды сақтауға арналған қойма жұмыс істейді. Жылына 2 рет медициналық кабинетте офтальмологиялық аппараттарда балалар ортоптикалық ем алады.

«Жаңа жыл қарсаңында арнайы мекемелердің балаларымен арнайы кездестік. Қажеттіліктерді білейік деп, көріп шықтық. Мысалы, нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернатқа арналған спорт залы қажет. Бұл сұрақты қарастыратын боламыз",- деді Нұрлан Ұранхаев.

Абай облысының әкімі «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат» КММ-де оқу сыныптарын ғана емес, жұмыс шеберханаларын да тамашалады.

Білім беру мекемесі 7 жастан 18 жасқа дейінгі интеллекті бұзылған 63 тәрбиеленушіні қабылдайды. Олардың барлығы қандай да бір қолөнермен айналысады: киіз басу, тамақ дайындау, ағаш ұстасы, аяқ киім жасау және т.б.

Бұл оқу орнында сабақтар коммуникативтік дағдылар мен әлеуметтік бейімделуді қалыптастыруға бағытталған.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar