
Жақында №12 ЖОББМ КМК аумағында балалар алаңы ашылды.
Балалар алаңы "Халық қатысатын бюджет" қалалық бағдарламасының гранттық жобасы аясында салынды, ал жан басына шаққандағы қаржыландыру есебінен мектептің орталық бөлігі абаттандырылды.
Ашылу салтанатына "Семей Мастер" ЖШС директоры Г.А. Пьянов, Қамқоршылық кеңес төрағасының орынбасары А. Ө. Жамбырбаева, сондай-ақ Семей қаласы әкімінің бас инспекторы Азамат Таласпаев қатысты.