USD474.83EUR515.38RUB5.5

Семей прокуратурасы қала тұрғындарына жүгінді

22 желтоқсан 2022, 14:45
Құрметті азаматтар! Соңғы уақытта терроризм актілері туралы жалған хабарлау жағдайлары жиілеп кетті.
Семей прокуратурасы қала тұрғындарына жүгінді

Әдетте, әуежайларда, вокзалдарда, банктерде, сауда үйлерінде және басқа да адамдар көп жиналатын жерлерде жарылғыш құрылғының болуы туралы хабарланады.

Аталған фактілерді тексеру шаралары көп уақыт пен ресурстарды қажет етеді. Оқиға орнына полиция, құтқарушылар, кинологтар, өрт сөндірушілер, жедел жәрдем бригадалары, жедел-тергеу топтары барады.

Нәтижесінде, төтенше жағдайлар қызметі шынымен қауіп төніп тұрған немесе шұғыл көмекке мұқтаж адамдарды құтқарудың нақты міндеттерінен алшақтайды.

Сонымен қатар, мұндай шабуылдың нысанасына айналған кәсіпорындардың қалыпты жұмыс режимі бұзылады.

Нәтижесінде, бұл адамдарды эвакуациялау кезінде дүрбелең мен құрбандыққа әкелуі мүмкін.

Аталған әрекеттер қылмыстық кодекстің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама) бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады, оның санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Жалпы, 2016 жылдан бастап республика бойынша Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлар жасағаны үшін соттар 236 адамды соттады, оның 147 -сі - бас бостандығынан айыруға. Кінәлілерден шұғыл қызметтердің жалған шақыруынан келтірілген материалдық залал өндірілді.

Қылмыстық істерді тергеу тәжірибесі қылмыстың іздерін жасыру үшін кейбір жағдайларда шетелдегі электрондық пошта мекенжайлары мен серверлерден жалған хабарламалар жіберілетінін көрсетті.

Мұндай ақпараттық шабуылдардың мақсаты - елдегі жағдайды тұрақсыздандыру және халықты қорқыту.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, қала прокуратурасы азаматтарды, бұқаралық ақпарат құралдарын, әлеуметтік желілерді пайдаланушыларды қырағы болуға шақырады.

Терроризм актілері туралы көрінеу жалған хабарламаларды таратпау және орналастырудың жолын кесу, мұндай хабарламалардың авторларына жәрдем көрсетпеу.

Дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс туралы мәліметтер болған жағдайда құқық қорғау және арнаулы органдарды дереу хабардар етуді сұраймыз.



Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar