USD474.83EUR515.38RUB5.5

"Абай жастары" бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау басталды

22 желтоқсан 2022, 14:36
Өтінімдерді "Абай облысының Семей қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ Шмидт 9/1 мекенжайы бойынша, 1 қабаттағы кеңседе қабылдайды.

Құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 22 желтоқсаннан басталады және 2023 жылғы 12 қаңтарға дейін (14 жұмыс күні) жалғасады.

Қабылдау уақыты сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін.

Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін барлық тілек білдірушілерден құжаттарды тексеру жүргізіледі, оған 15 күнтізбелік күнге дейінгі мерзім беріледі.

Өту жағдайында қатысушы өту туралы хабардар етіледі, қатысушы белгіленген мерзімде келмеген жағдайда, ЖАО бағдарламаға қатысуды кезектегі келесі өтініш берушіге беруге құқылы.

Тексеруден сәтті өткен жағдайда, азамат сатып алуға қолайлы баспана табуы керек . Ол үшін оған күнтізбелік 30 күнге дейінгі уақыт аралығы беріледі. Содан кейін 15 күндік мерзімде өтініш беруші мәміле жасасуға міндетті. Егер қандай да бір себептермен қатысушы өз міндеттемелерін орындамаса, әкімдік қатысуға жолдаманы тізім бойынша келесі үміткерге береді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar