USD502.47EUR525.83RUB5.68

Әкімнің қатысуымен қалалық мәслихат сессиясы өтті

22 желтоқсан 2022, 12:26
Нұрбол Нұрсағатовтың және Семей қаласы әкімдігінің бөлім басшыларының қатысуымен қалалық мәслихат сессиясының отырысы өтті.
Әкімнің қатысуымен қалалық мәслихат сессиясы өтті

Сессияда экономика бөлімі басшысының м.а. Алма Омарова, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Замира Мұстафина, Семей қаласы аппараты басшысының м. а. Серік Жұмаділов баяндама жасады.

Сонымен қатар, мәслихат депутаттары қала әкімімен қалалық инфрақұрылымға қатысты мәселелерді талқылады, Нұрбол Нұрсағатов қазіргі проблемалар кезең-кезеңімен шешілетінін атап өтті. Мәслихат депутаты Еркебұлан Тұрсын жастарға арналған "Абай жастары" жаңа тұрғын үй бағдарламасын енгізгені үшін алғысын білдірді.

Бүгінгі отырыста талқыланған негізгі мәселе – қалалық бюджетті бекіту.

Күн тәртібінде келесі мәселелер болды:

  1. Қалалық мәслихаттың атқарылған жұмысы және оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есебі туралы;
  2. Семей қаласы мәслихатының 2023 жылдарға арналған жұмыс жоспары туралы;
  3. Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 20/129-VII "Семей қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  4. Семей қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы;
  5. Семей қаласында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту туралы;
  6. Абай қаласы Семей облысы әкімдігінің құрамын бекіту туралы;
  7. Семей қаласы әкімінің 2023 жылы халықпен кездесулерінің икемді жылдық күнтізбесін келісу туралы;
  8. Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 18 қаңтардағы №34/227-VI "тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  9. Семей қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының мөлшері мен тізбесін айқындау туралы;
  10. "Семей қаласының Құрметті азаматы" атағын беру туралы;
  11. Сайлау комиссияларының жекелеген мүшелерін міндеттерінен босату туралы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar