USD474.83EUR515.38RUB5.5

Абай облысында "Даму" қоры, аграрлық несие корпорациясы мен "Қазагроқаржының" филиалдары ашылды

22 желтоқсан 2022, 10:56
Абай облысына жұмыс сапары барысында Әлібек Қуантыров Семей қаласында «Даму» Корының, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалдарының ашылу рәсіміне қатысты.
Абай облысында

Министр акционерлік қоғамдардың қызметімен танысты және орталықтардың ұжымдарымен әңгімелесті.

ҰЭМ басшысы іс-шараға қатысушылардың алдында сөз сөйлеп, өңірде кәсіпкерлікті дамытуға айтарлықтай назар аударылатынын атап өтті. Негізгі мемлекеттік бағдарламалар операторлары филиалдарының ашылуы шағын және орта бизнесті дамытуға серпін береді, - деді ол.

«Мемлекеттік қолдау шараларымен облыста үш мыңнан астам кәсіпкерлер қамтылған. Олар пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, несиелерге кепілдік беру және жеңілдетілген қаржыландыру ала алады. Кәсіпкерлерге инвестициялық жобаларды іске асыру үшін төмен пайыздық ставкалармен несие беріледі. Нақты өңірлік бағдарламаларды іске асыру үшін қаражат тарту бойынша жұмыс жалғасады. Бұл жаңа жұмыс орындарын құруға және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді», - деді Ә. Қуантыров.

Бұдан әрі министр Семей қаласындағы «Ғаббасов» қазандығына барды. Мұнда жылу көзін жаңғырту жобасы іске асырылуда. Оның қуатын қосымша қазандық агрегатын орнату арқылы арттыру жоспарлануда. Құрылыс сомасы 1,2 млрд. теңгені құрайды. Бірақ қазір жобаның құны қымбатталып, оны іске асыру мерзімі де кешіктірілуде. Жұмыстарды келесі жылы аяқтау жоспарлануда.

«Теплокоммунэнерго» МКК директоры Серік Төленбергеновтің айтуынша, қала бойынша 200 шақырымнан астам желіні ауыстыру қажет, желілер 68%-ға тозған. Оларды жаңғыртуға 149 млрд. теңге қажет.

Ә.Қуантыров қазандықтардың мәселелері зерттеліп жатқанын және жергілікті билік органдарымен бірлесіп мұқият қаралатынын атап өтті. Биыл республикалық бюджеттен «Ғаббасов» қазандығын қайта жаңартуға 900 млн. теңге бөлінді. 2023 жылы қосымша қаражат қарастырылған.

Сондай-ақ, Ә.Қуантыров өсімдік майларын өндіретін «Qazaq Astyq group» ЖШС зауытының жұмысымен танысты. Кәсіпорынның қуатытылығы тәулігіне 1200 тоннаны құрайды. Бүгінде зауытта 400-ге жуық адам жұмыс істейді.

Кәсіпорын басшылығы жылжымалы құрамдар мен шикізаттың шетелге «кетіп қалуына» байланысты проблемалар бар екенін хабарлады. Сондықтан серіктестік шикізатты ел ішінде қайта өңдеуді және дайын өнімді сыртқы нарықтарға экспорттауды қалап отыр.

Министр экспорттаушылардың мүдделерін де ескеру қажет екенін атап өтті. Жалпы, ҰЭМ басшысы өңдеу мен өндірістің өсуін, оның ішінде тиісті мемлекеттік субсидиялар есебінен дамыту қажет екендігін айтты.

Жылжымалы құрамға келетін болсақ, бұл нарық бәсекеге қабілетті және кәсіпорын көлік компанияларымен келісуі керек, - деді Ә.Қуантыров.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar