USD502.47EUR525.83RUB5.68

Облыс әкімінің балалармен кездесуі

22 желтоқсан 2022, 10:31
"Балалар жылын" қорытындылап, Абай облысын биік тұғырдан көрсеткен оқушылар мен студенттерді қолдау мақсатында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев жыл көлемінде жетістікке жеткен балалармен кездесу өткізді.
Облыс әкімінің балалармен кездесуі

Кездесуге биылғы жылы ұйымдастырылған интеллектуалды олимпиадалар, ғылыми жобалар, спорттық, шығармашылық сайыстардан жеңіске жеткен жеңімпаздар қатысты.

«Жасампаз мемлекетіміздің алға қойған басты бағытының бірі өздеріңіздей өскелең ұрпақты қолдау болып отыр.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы жылды «Балалар жылы» деп атап, білім беру саласына айтарлықтай қолдау көрсетті. Атап айтсақ, Абай облысында биыл жаңа 4 мектеп ғимараты бой көтерді. Сондай-ақ, сіздердің жан-жақты дамуларыңыз үшін келесі жылы «технологиялық шығармашылық сарайы» салынады. Сіздердің денсаулықтарыңыз үшін спортпен айналысу мақсатында Workout алаңдар ашылды. Осы мүддеде жаңа технологиялармен толыққан, оқушылардық жаһандық құзіреттілік бойынша дамуы үшін қажет мектептерімізге жаңа модификациялық кабинеттерді алуды басты назарға қойдық”, - деді өңір басшысы.

Кездесу барысында оқушылар мен студенттер өздері туралы, қызығушылықтары туралы айтты.

Жиынға қатысушылардың бірі Ларин Андрей Александрович - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушісі, 3 сынып оқушысы. 2020 жылы Нұр Сұлтан қаласында өткен «Бала шабыты» атты Халықаралық байқауының 1 орын жүлдегері; «Күзгі түстердің фестивалі» қашықтықтан халықаралық байқауы мәнерлеп оқу номинациясы бойынша 1 орын иегері; «XII Халықаралық «Знанио» олимпиадасына қатысып «Технология» пәні бойынша Гран-при бас жүлде иегері; 2022 жылы Халықаралық байқау фестивалі – «Ты лучший!» - Гран-при иегері.

Ол облыс әкіміне жасаған қолөнерін тарту етіп, өзі оқитын мектеп-интернатқа шақырды. Нұрлан Ұранхаев алдағы уақытта күнтәртібіне жазып алып, ол мектепке арнайы баратынын жеткізді.

Кездесуде Ксения Юрьева қазақтың ұлттық аспабы жетігенде ойнап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Ксения - қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық конкурстар мен фестивальдердің Гран-при және жүлделі орындар иегері.

Кездесуге қатысушылардың ішінде ерекше көзге түскен Сайбель Вадим Алексеевич. «№ 8 балалар үйі» тәрбиеленушісі. ЖОББМ № 27 мектептің 8 қазақ сыныбында оқиды, қазақ тілінде еркін сөйлеп, "Абай мұрасы" атты халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасындағы Абай Құнанбаевтың шығармашылығының көркем сөз жанры бойынша 1-орын иемденген. Мектеп интернаттар мен балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында "Үздік футбол трюкі" деген республикалық конкурс жеңімпазы, классикалық зілтемір көтеруден жасөспірімдер арасынан 1-орын иегері. Қаладағы "Елім-ай" футбол клубының мүшесі.

Шараға қатысушылардың бірі Ермеков Эльдар Ринатұлы. Көкпекті орта мектебінің 11 сынып оқушысы. Ыстықкөлде өткен «Жемчужина Кыргызстана» халықаралық фестивалінің чемпионы, Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері,«FIGHTER OF ASIA» турнирінің қола жүлдегері, 2022 жылы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.

Кездесу соңында дарынды оқушыларға арнайы сыйлықтарға сертификаттар табысталды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar