USD502.47EUR525.83RUB5.68

Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен отырыс

20 желтоқсан 2022, 16:42
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің энергетикалық объектілер мен жылу желілерінің жай-күйін ревизиялау барысы қаралды.
Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен отырыс

“Келесі жылдан бастап жылу желілерін жөндеу бойынша ауқымды бағдарлама басталады. Бірінші кезекте тозу деңгейі 70%-дан асып кеткен жылу желілері ауыстырылады. Мұндай желілер 1600 км! Екінші кезеңде 4 мың километрге жуық желі жаңартылады. Бұл өте ауқымды жұмыс әрі көп қаражатты талап етеді», – деді Әлихан Смайылов.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семейдегі ЖЭО-1-дің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету туралы баяндады.

Қорытындылай келе, Премьер-Министр жылу желілерін реконструкциялау бойынша қажетті құжаттарды әзірлеу жұмыстарын бірінші жартыжылдықта аяқтауды, тиісті жұмыстарды қаржыландыру үшін нысаналы трансферттер бөлу мәселесін пысықтауды, сондай-ақ 2 апта ішінде мемлекеттік энергетикалық бақылауды күшейту тәсілдерін қарастыруды тапсырды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar