
Аймақ басшысы ҚР Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, энергетика саласының қызметкерлері ел дамуына өлшеусіз үлес қосып жүргенін атап өтті.
“Сіздердің жұмысыңыз – шынайы адал еңбек! Қызметтеріңіз ізгілікке толы. Күннің райы мен мерзіміне қарамастан, үнемі халық игілігі үшін жұмыс жасайсыздар. Кеше де қаламызды жылусыз қалдырмадыңыздар, жұмыс орнында еңбектендіңіздер. Сіздердей жұмысты іспен дәлелдейтін еңбек адамдарына алғысымыз шексіз”, - деді өз құттықтау сөзінде облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.
Шарада, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Құрметті энергетик» төсбелгісімен «Теплокоммунэнерго» КММ өндіріс жөніндегі директордың орынбасары Дёмин Николай Александрович, «Теплокоммунэнерго» КММ 1-ЖЭО жөндеу жұмыстары жөніндегі бастықтың орынбасары Ульянов Александр Николаевич, «Теплокоммунэнерго» КММ жылу инспекциясының бастығы Түсіпбеков Сәдуақас Саттарұлы, «Теплокоммунэнерго» КММ бас энергетигі Калайда Евгений Валерьевич марапатталды.
Сондай-ақ, Абай облысы әкімінің Грамотасы «Теплокоммунэнерго» КММ директорының құрылыс және жөндеу жөніндегі орынбасары Мәкенов Бейбіт Бекежанұлына, «Теплокоммунэнерго» КММ оң жағалауының жылу желілерінің бастығы Романченко Валерий Петровичке, «Теплокоммунэнерго» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сол жағалауының жылу желілерінің бастығы Еділбаев Асет Ержанұлына, «Теплокоммунэнерго» КММ «Орталық» қазандығының бастығы Сайдуалиев Арман Төлеубекұлына, «Теплокоммунэнерго» КММ «Семей зооветеринарлық институты» Кусков Александр Михайловичке; «Теплокоммунэнерго» КММ механикаландыру және автомобиль көлігі қызметінің басшысы Әмірханов Жарқын Жүнісбекұлына табысталды.