
Облыс әкімі Нұрлан Уранхаев өңірдің өрт сөндіруші-құтқарушыларына жаңа тоғыз өрт сөндіру автокөлігінің кілтін табыс етті. Іс-шара барысында өңір басшысы қызметкерлерге, қиын еңбектегі ерлігі мен адалдығы үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.
Өртке қарсы қызметті жарақтандыру мақсатында гарнизонға республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа алынған жаңа өрт техникасы берілді. Өрт сөндіру көліктері азаматтарымыздың өмірі мен мүлкін сақтау үшін қажетті барлық заттармен жабдықталған. Жаңа құтқару техникасы ықтимал төтенше жағдайларға жедел ден қоюға, өрттерді ойдағыдай жоюға, облыс халқының өмірі мен мүлкін құтқаруға көмектеседі, - деп атап өтті Нұрлан Уранхаев.
- Жұмыс істеген бір жылдың ішінде Абай облысының ТЖ департаменті ТЖ мен өртті жоюға 2700-ден астам сапар жасады. Олардың кәсібилігі мен жеделдігінің арқасында 269 адам құтқарылды, оның ішінде 68 бала, ТЖ түрлі аймақтарынан 544 адам эвакуацияланды, олардың 59-ы балалар. Жаңа өрт техникасы өрт сөндіруші-құтқарушылар жұмысының тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Құтқарушыларды материалдық-техникалық қамтамасыз ету, оның ішінде жергілікті бюджет есебінен жалғасады", - деді облыс ТЖД бастығы Манарбек Шапағатов.