USD502.47EUR525.83RUB5.68

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады

15 желтоқсан 2022, 14:33
Облыс әкімі Нұрлан Уранхаевтың Семей қаласының тұрғындарымен кездесуінде қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.
Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады

Кездесу барысында қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап, алдағы жылға арналған жоспарлар туралы айтты.

Сонымен қатар, тұрғындар мен БАҚ өкілдері облыс және қала басшылығына, сондай-ақ облыстық әкімдіктің барлық басқармаларының, қалалық әкімдік бөлімдерінің, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік мекемелердің басшыларына өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды.

2022 жыл экономика үшін оңай болған жоқ, алайда аймақта көптеген салалар 2021 жылмен салыстырғанда оң қарқынға қол жеткізді. Өнеркәсіпте өсім 32,2% – ға; агроөнеркәсіптік кешенде 21% - ға; саудада - 8,7% - ға; негізгі капиталға инвестициялар көлемі 15,3% - ға өсті; құрылыс жұмыстары 5,6% - ға өсті.

Сөз сөйлеу барысында қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов бүгінгі таңда қала тұрғындарын алаңдатып отырған мәселелерге тоқталды. Қоғамдық көлікке, ТКШ-ға шағымдар жиі түседі, сондай-ақ адамдар әлеуметтік мәселелер бойынша жүгінеді. Кездесуге келген тұрғындар көп жағдайда автобустардың жеткіліксіздігі және қоғамдық көліктердің тұрақты емес қозғалысы туралы сұрақтар қойды.

"Бұл мәселе бір күнде пайда болған жоқ, сондай-ақ кезең-кезеңімен шешуді талап етеді, қоғамдық көлік мәселелері басымдыққа ие. Біз қалалық автопарктермен бірлесіп қоғамдық көлікті жаңарту кестесін жасадық, 2023 жылы автопарктермен 70 жаңа автобус сатып алынады. Бұл шара маршруттық автобустардың қозғалыс жиілігін арттыруға және қаладағы қоғамдық көлік мәселелерін ішінара шешуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті Нұрбол Нұрсағатов.

Кездесуге қатысушылар айтқан барлық мәселелер жұмысқа қабылданды және жеке іс-шаралар жоспары шеңберінде шешілетін болады.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar