USD474.83EUR515.38RUB5.5

Пікірсайыс турнирінің қорытындысы

15 желтоқсан 2022, 14:22
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігінің кубогына арналған республикалық пікірсайыс турнирінің қорытындысы белгілі болды.
Пікірсайыс турнирінің қорытындысы

Қосымша білім берудің республикалық оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылғы 13-14 желтоқсанда Астана қаласында жалпы 120 қатысушыны қамти отырып, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған дебаттық клубтар арасында Республикалық дебаттық турнир өткізді.

Турнирдің мақсаты - Қазақстандағы мектептегі пікірсайыс қозғалысын дамыту және парламенттік пікірсайыс технологиясын дәріптеу, еліміздегі ең мықты пікірсайыс командаларын анықтау.

Турнир алаңы қатысушыларға жүйелі талдау, өз ұстанымдарын білдіру дағдыларын көрсетуге мүмкіндік берді.

Абай облысының атынан қазақ лигасы – «Кемел ұрпақ» командасы, Оралғазы Ақниет, Ганятул Каусар (№27 мектеп және «№125 Ischool») қатысты. Орыс лигасы – «Artix» Бубенчиков Артем, Жунусова Еркежан (Экономикалық лицей, №28 ЖОББМ) оқушылары.

Сонымен қатар  ағылшын лигасы командасы «Paradox invasion»  Какимжанов Адильжан (НЗМ), Читимова Амина (Экономикалық лицей) бақ сынады.

Турнир қорытындысы бойынша «Кемел ұрпақ» командасы, Оралғазы Ақниет, Ганятул Каусар жүлделі  3 орынды жеңіп алды.

Барлық қазақ лигасы командаларының ішінде ерекше көзге түскен Оралғазы Ақниет «Үздік спикер» номинациясына ие болды және кубок табысталды.

Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar