
2 сағат ішінде 25-тен аса адам 50-ден аса сұрақ қойып үлгерді. Кездесу Абай облысы әкімдігінің facebook парақшасында тікелей эфирде көрсетілді. Облыс орталығында Семей қаласын жылумен қамту мәселесі түсіндірілді.
- Семей қаласында инфрақұрылымының әбден тозығы жеткені баршаға белгілі. Жазда ыстық су жоқ, ал қыста үйлерге жылу жетпейді. Семейліктер қазір де белгілі бір қиындықтарды бастан кешіруде. Әсіресе, оң жағалау бөлігінде жылу энергиясының тапшылығы 118 Гкал/сағ, жылу желілерінің тозуы 63,8% құрайды. Бүгінгі күні жылу тапшылығын жүйелі шешу үшін 2 қазандық 40 Гкал/сағ (Ғаббасова, Орталық), тағы 3 қазандықты (103-103А, 35) қайта құруға жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. тоқсан, Zoovetinstitute ) 94 Гкал/сағ артты.
Сондай-ақ Семей қаласындағы көпірлерді салу/қайта жаңарту жоспарлары нақтыланды.
Нұрлан Ұранхаев – Абай облысының әкімі
- Біздің ендігі мақсатымыз – халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, өмір сүруге қолайлы орта қалыптастыру. Бұл - Президент тапсырмасы. Ұлықтау рәсімінде Мемлекет басшысы «Енді біздің ортақ мақсатымыз – заң мен тәртіп үстемдік құратын, азаматтардың құқығына лайықты құрмет көрсетілетін Әділетті Қазақстанды құру» деп атап өтті.
Әрине, тез арада шешуді талап ететін мәселелер бар. Халықтың көкейінде жүрген сұрақтар да аз емес. Сол сұрақтардың көбіне, Мемлекет басшысы, Абай облысының жұртшылығымен кездескенде толық жауап берді. Халқымыздың үміті жанып, ертеңге деген сенімі артты.