USD474.83EUR515.38RUB5.5

Облыс әкімі тұрғындардың қала орталығындағы сауда туралы сұрағына жауап берді

15 желтоқсан 2022, 11:25
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың халықпен кездесуінде, орталық автовокзал маңында тұратын қала тұрғындары көптеген дүкендер мен дүңгіршектерге байланысты көше бойымен жүру мүмкін емес деп шағымданды.
Облыс әкімі тұрғындардың қала орталығындағы сауда туралы сұрағына жауап берді

Әрине, мұндай сауданың санитарлық жағдайы туралы айту мүмкін емес. Қала тұрғындары әкімнен ондаған жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан бұл мәселені қарастыруды сұрады.

– Көп жылдар бойы бізге ешкім назар аудармады, сұрақтармен қатар мәселелер жинақталып қалды. Уәлиханов, Засядько көшелеріндегі аудан тұрғындарының атынан келесі мәселелермен жүгініп отырмын: автовокзал алдындағы жер учаскесінің аумағы мәселесі. Ол бойынша түрлі құзырлы орындарға арыздандық. Ол жерде қоршаулар бар және басты сұрақ оларды қашан алып тыстайды. Одан әрі Чехов көшесінің бойында бақыланбайтын тұрақты стихиялық сауда ұйымдастырылған, бұл сауданың бәрі тіпті адамдардың өтуіне кедергі жасайды. Ол жерде санитарлық нормалар туралы айтудың қажеті де жоқ. Жеке сұрақ - баға мәселесі. Тауар тұтынушыға жеткенше, ол үш-төрт делдалдан өтеді, - деп шағымданды тұрғындар.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев санитарлық-эпидемиологиялық қызметке тиісті тапсырма беретінін атап өтіп, қала тұрғындарына қаланың жаңа бас жоспарының пайда болуымен көп нәрсе түбегейлі өзгеретіндігін айтты.

- Сіз өзіңіз айттыңыз - бұл мәселемен 25 жыл бойы ешкім айналысқан жоқ. Сондықтан мәселе ескірген, бірақ біз оны шешеміз. Чехов көшесіндегі стихиялық саудаға келетін болсақ, бізде қаланың жаңа бас жоспары дайындалады, әрине, бұл мәселе пысықталады, мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметке тиісті тапсырма беремін. Баға белгілеу бойынша – Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация арқылы тұрақтандыру қоры құрылуда, оған ақша бөлінді, - деп атап өтті Нұрлан Ұранхаев.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar